Басты бетМектептің тарихыБіздің мақтаныштарымызҰстаздарАта-аналарғаОқушыларғаПсихологФотогалереяХабарландыруТәрбие жұмысыНормативтік құқықтық құжаттарӘдістемелік бөлімМемлекеттік сатып алуМектептегі тамақтануҮш тілділік
"Шаңырақ" көпсалалы мектеп-гимназия" КММ
Тәрбие жұмысы

 

«Шаңырақ» көпсалалы мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша Риддер қалалық ІІБ-мен бірлесіп өткізілген кездесу туралы мәлімет. Қаңтар, 2017 жыл

       24 қаңтар күні Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Б.Т.Тілеужанова, педагог-психолог Ж.Ж.Садыкова, мектеп инспекторы Ж.Маратқызы және Риддер қалалық ІІБ-нің полиция лейтенанттары Е.М.Шалабаев, Е.К.Нурлыбековпен бірлесе отырып, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу мақсатында 5-8 сынып оқушыларымен «Тәртіп және орта» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесуде әртүрлі мәселелер төңірегінде әңгіме қозғалды. Біріншіден мектепішілік, мектептен тыс уақыттағы тәртіп туралы айтылды. Сабаққа кешікпеу, себепсіз сабақ босатпау, 10 күн себепсіз сабақ босатқан жағдайда есепке алу, мектеп формасын сақтау туралы айтылды. Сонымен бірге кешкі сағат тоғыздан кейін заңды өкілдерінсіз көшеде жүрмеу, бірінші рет ұсталса ескерту, екінші рет ұсталса ата-аналарына айыппұл салынатыны ескертілді. Сонымен қатар әлеуметтік желілерге кірмеу, соның ішінде ВКонтакте туралы айтылды. ВКонтактеге кіріп, біреудің атынан топ ашып, онда бір-біріне намысына тиетін сөздер жазып, ұсталса жазаға тартылатыны айтылды. Кездесу соңында оқушылар ІІБ-нің қызметкерлеріне өздерінің сұрақтарын қойып, жауаптар қайтарылды.

 

 Орындаған директордың тәрбие жөніндегі орынбасары:  Б.Т.Тілеужанова

 







«Шаңырақ» көпсалалы мектеп-гимназия» КММ бойынша «Риддер көпсалалы колледж» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерімен кездесу

26.01.2017 жыл

         «Риддер көпсалалы колледж» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерімен 26.01.2017 жылы «Мамандықтың бәрі жақсы» кездесуі өтті. Колледж мұғалімдері Ж.Ж. Сабиева мен А.К. Бабагумарова кәсіптік бағдар беру мақсатында қандай мамандықтар бойынша білім алуға болатынын, таңдау пәндері жайлы, колледж бітіргеннен кейін қай мекемелерде жұмысқа орналасуға болатынын, профильдік пәндер туралы, әр мамандықтардың қыр-сырлары жайлы мағлұмат берді. Колледж өмірімен таныстырып өтті. Кәсіптік білім мен біліктілік, тәжірибені ілгері ғылым мен ұштастырып, отандық өндіріске бағыттау, түпкі нәтижеге бет бұру, оның халыққа қызмет етудің мағызы зор. Түлектерге кездесу соңында бүктемелер, тарапталар берілді.  

 

   

 Орындаған директордың тәрбие жөніндегі орынбасары:  Б.Т.Тілеужанова

 

 





 

Кәсіптік білім беру мақсатында өткізілген жоғары оқу орындарының қызметкерлерімен кездесу

27.01.2017 жыл

«Шаңырақ» көпсалалы мектеп-гимназия» КММ-нің 9, 10, 11 сынып оқушылары Мәдениет сарайында жоғары оқу орындарының қызметкерлері өткізген кездесуге қатысты. Кездесуге Өскемен қаласындағы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті, «Өскемен медициналық колледжі» КМҚК, Қазақстан-Американдық еркін университеті, Павлодар қаласынан «Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты», Риддер қаласының «Риддер көпсалалы колледж» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері қатысып, кәсіптік бағдар берді. Қандай пәндерді таңдады, таңдаған пәндері бойынша қандай мамандық иелері болуға болатыны жайлы мағлұмат берді. Табысқа жетудің жолы білім мен оның сапасын қамтамасыз ететін оқу орнын таңдаумен тығыз байланысты. Студенттер мен түлектер үшін үлкен мүмкіндіктер ашатын ғылыми-зерттеу негізі бар, заманауи білім беру технологиялары мен тарихы бай жоғары оқу орындары мен колледждерге шақырды.

   

 
Орындаған директордың тәрбие жөніндегі орынбасары:  Б.Т.Тілеужанова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Басты бетМектептің тарихыБіздің мақтаныштарымызҰстаздарАта-аналарғаОқушыларғаПсихологФотогалереяХабарландыруТәрбие жұмысыНормативтік құқықтық құжаттарӘдістемелік бөлімМемлекеттік сатып алуМектептегі тамақтануҮш тілділік
2016